«Сочи-2014» мәдени бағдарламасы қонақтарға мереке сыйламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сочи-2014» мәдени бағдарламасы қонақтарға мереке сыйламақ

04.02.2014
«Сочи-2014» мәдени бағдарламасы қонақтарға мереке сыйламақ
Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының мәдени бағдарламасы көрермендерге мереке сыйламақ. Ресейдің үздік әншілері мен би өнерпаздары қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін елдің барлық аймағынан жиналған.
 
Олардың арасында чукоттық әуен, дағыстандық лезгинка, кубандық казактардың әні, сондай-ақ, маэстро Юрий Башметтің виртуозды импровизациялары бар.
 
Мұндай шаралар Сочидің ондаған алаңында өтеді. Ресейдің 70 аймағынан 5000-ға тарта  би ұжымдары мен әншілер  өнер көрсетпек.

Хабарламаларға жазылу