«Classic» радиосы: Қазақстан мен Ресей өкілдері мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Қазақстан мен Ресей өкілдері мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

06.09.2016
  «Classic» радиосы: Қазақстан мен Ресей өкілдері мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің арасында 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.  

Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский қол қойды.

Аталмыш бағдарламаға сәйкес Қазақстан мен Ресей жуық арада бейнелеу және сахна өнері, кинематография, кітапхана және мұражай ісі, сәндік қолөнер, көркем өнер және цирк өнері, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, халық өнері саласындағы ынтымақтастыққа жағдай жасайтын болады.

Одан басқа екі мемлекет өкілдері музыка мекемелері мен концерт ұйымдары, орындаушылар мен музыка ұжымдары арасында және мамандарымен тәжірибе алмасуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шығармашылық одақтары арасындағы байланыстардың кеңейе түсуіне ықпал жасайды.

Хабарламаларға жазылу