Мәскеуде «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді

16.05.2016
Мәскеуде «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді

Көрсетілімнің алдында өткізілетін баспасөз мәслихатына  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Владимир Мединский, Ресей кинематографистері одағының төрағасы Никита Михалков, фильм режиссеры Сергей Снежкин, сонымен қатар, түсіру тобының мүшелері мен «Қазақфильм» АҚ өкілдері қатысады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз конференциясының алдында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей кинематографистері одағының арасында Кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу