Киевте Қазақстан-Украина І климаттық халықаралық диалогы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте Қазақстан-Украина І климаттық халықаралық диалогы өтіп жатыр

27.05.2021

Қазақстан-Украина бірінші климаттық халықаралық диалогы Киев қаласында өтіп жатыр. Мұнда екі елдің энергетика саласындағы оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоба баламалы энергия, жасыл экономика жобаларын іске асыруға негіз болмақ.

Шараға халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері, ЭКО белсенділер мен кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Телекөпір арқылы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия Климаттық желісінің 200-ден астам мүшесі және Қазақстанның 500-ге жуық Үкіметтік емес ұйымдары белсенділік танытты.

Сәуле Сағынтаева, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры:
Бүгін бірінші климаттық диалог шеңберінде Алматы энергетика және байланыс университеті және Украинаның Ұлттық ғылым академиясының энергетика институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әрине, бұл қос елдің энергетика саласындағы байланысын бекемдей түспек. Себебі қазіргі кезде жасыл энергияға, жасыл экономикаға көшу - мемлекеттік маңызы зор жұмыстардың бірі.

Аида Хаметжанова

Хабарламаларға жазылу