Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мәскеу мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мәскеу мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26.01.2016
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мәскеу мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары білім беру саласындағы байланысты арттырғалы отыр. Ресей астанасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімді одан ары ұзартты.

Салтанатты шара кезінде құжатқа қос білім ордасының ректорлары қол қойды. Бұл келісім бірлескен білім бағдарламаларын дайындауға, академиялық кездесулер ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын бірге жүргізуге мүмкіндік бермек.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу