Мемлекет басшысы ресейлік делегациямен кездесті

20.11.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкімет басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті. Көрші ел өкілдері «Сбер» экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Фариза Мұсақызы 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей делегация меморандум

Хабарламаларға жазылу