СҚО-да Сергеев қоймасындағы су арнасынан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Сергеев қоймасындағы су арнасынан асты

05.04.2024
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасы арнасынан асты. Дәл қазір өңірдегі әріптесім Эльмира Кәленова баяндайды.
 
Эльмира Кәленова, тілші:

Мамандар мәліметінше, бүгін бөгет суы ернеуінен 50-70 сантимерге дейін асады. Есіл өзеніне жақын орналасқан 30 елді мекенді су басу қаупі бар. Өңірдегі шағын өзен-көлдерде де су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. Жауапты органдар жағдай бақылауда екенін жеткізді. Тұрғындар мен қорадағы ірі-қара уақытша паналауға арналған орындар әзірленді. Әзірге эвакуация басталған жоқ. Сергеев қоймасынан шыққан су Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарын басып, өтіп Петропавл қаласына келеді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу