Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы тасыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы тасыды

05.04.2023

Солтүстік Қазақстанда Сергеев су қоймасы тасыды. Нысанның сыйымдылығы 690 млн текше метрден астам. Қазір су ернеуінен асып, сыртқа төгіле бастаған. «Қазгидромет» мамандары күн сайын су қоймаларының жағдайын тексеріп отыр. Болжам бойынша тасқын су Петропавл қаласына шамамен 10-14 күнде жетеді. Қауіпті аумақта орналасқан 85 елдімекен бақылауға алынды.

Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

Бүгінгі күні Есіл өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатқаны байқалады. Бұл көрсеткіш өткен тәулікте 145 сантиметрге жетті. Дегенмен Сергеев су қоймасындағы су қоры жыл сайынғы көрсеткішпен салыстырғанда 22 пайызға азайғаны байқалады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу