Петропавлда мектептердегі эвакуациялық пункттер жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мектептердегі эвакуациялық пункттер жабылады

19.04.2024

Петропавлда мектептерде орналасқан эвакуациялық пункттер жабылады. Онда тұрып жатқан азаматтар жатақханаға көшіріле бастады. Әріптесім Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, білім ошақтарындағы эвакуациялық пункттердің жабылу себебі неде?

Эльмира Кәленова, тілші

Келер аптадан білім ошақтары офлайн форматқа ауысады. Сондықтан спорт залдарын босату қажет. Ал тұрғындар мына жатақханаға көшіріліп жатыр. Нысан колледж студенттеріне арналып салынған. Құрылысы былтыр қараша айында аяқталған болатын, 200-ден астам орын бар. Жауапты органдар тасқыннан зардап шеккен азаматтар барлық керек-жарақпен қамтылатынын жеткізді.

Эльмира, Тасқынның беті қайтты ма?

Иә, су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр. Дегенмен, қуануға әлі ерте. Мамандар екінші толқын болатынын айтып отыр. Бірнеше күннен бері Сергеев қоймасындағы су тағы да жоғарылап жатыр. Ол арнасынан 3 метр 22 сантиметрге дейін көтеріліп кетті. 2017 жылғы ьасқында бұл көрсеткіш 3 метр 38 сантиметр болған еді. 2,5 мыңнан астам үйді су басты. 14 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу