СҚО-да ауыл ортасындағы жолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да ауыл ортасындағы жолды су шайып кетті

14.04.2021

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдың ортасындағы жолды су шайып кетті. Шал ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Жалпы өңір бойынша 6 жол учаскесін су басты. Төртеуінде көлік қозғалысына шектеу қойылып, тәртіп сақшылары кезекшілік атқаруда. Сергеев су қоймасы арнасынан 54 сантиметрге асқан. Мамандардың болжамы бойынша, алдағы күндері су Петропавл қаласына жетуі мүмкін.

Рамиль Камалов, СҚО ТЖД бастығы:
Аудандық штабтар су тасқынына дайын. Айыртау, Мүсірепов, Уәлиханов аудандарындаға елді мекендерге шағын өзендерден қауіп төніп тұр. Әзірге су қарқыны күші емес. Түрлі техника көмегімен өзендер деңгейін төмендетіп жатырмыз.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу