Сергеев қоймасындағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
Солтүстік Қазақстандағы "Сергеев" қоймасындағы су- арнасынан 3 метр 65 сантиметрге асты. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Өңірдегі шағын өзен-көлдерде де су деңгейі біртіндеп көтеріліп жатыр. Басым бөлігінде мұз көшкіні тіркелді. Есіл өзеніне жақын орналасқан 30 елді-мекенді су басуы мүмкін. Петропавл қаласының да бірнеше ауданына қауіп төніп тұр.
Серік Мұхамадиев, Петропавл Қаласының Әкімі
Кожевенный, Заречный осы Мичурина судың астында қалады, үйлер. 177 адам дачный ссобществода тұрады. Оларды эвакуация істейміз. Жұмыс қазір жүргізіліп жатыр. Ары қарай бәрін су көрсетеді .
29 наурыздан бері облыста 37 үйді су басты. 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр су басуы мүмкін елді мекендерді аралады. Сонымен қатар гидрологиялық нысандардың жағдайымен танысты.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Барлық құрылыс және жол салумен айналысатын компаниялар негізгі жұмысын тоқтатып, су тасқынымен күреске жұмылдырылады. Жағдай күрделі. Дегенмен, бәрін бақылауда ұстап отрмыз. Облыстық штаб жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10