«Қайырымдылық керуені»: Астаналықтар тасқыннан зардап шеккендер үшін мешіттерге жылу жинауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайырымдылық керуені»: Астаналықтар тасқыннан зардап шеккендер үшін мешіттерге жылу жинауда

04.04.2024

«Қайырымдылық кереуені» жобасы ел бойынша әлі жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар тасқыннан зардап шеккен ағайынды қолдау мақсатында мешіттерге жылу жинауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамашы болған шараға астаналық волонтерлер де белсенді түрде атсалысып жатыр.

Ерболат Жүсіпо, Астана қаласының бас имамы:

Республика бойынша имамдарымызға тапсырма берілді. Осы тапсырма аясында Астана қаласынан Арақалық қаласына 25 тонна бір фура жүк кетті. Ол азық-түлікті, керек-жарақты халық пайдаланып жатыр. Енді біз өте қиын жағдайда тұрған Ақтөбе өңіріне жылу жинап жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу