Өлген мал үшін шаруаларға өтемақы төлеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өлген мал үшін шаруаларға өтемақы төлеу басталды

16.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендер, өлген малға өтемақы алу үшін, жергілікті жердегі залалды өтеу жөніндегі комиссияға өтініш жазуы тиіс. Ауыл шарушалығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин осыны еске салды. Оның айтуынша, бүгінде Қарағанды облысындағы қожалықтарға өтемақы толық өтелген. Қазір бұл жұмыстар Қостанай облысында жалғасып жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, 7 мыңнан астам мал басы қырылған. Сондай-ақ, алдағы егістік науқанына астық қоры жеткілікті деді. Азық-түлік корпорациясы зардап шекен шаруаларға бөліп төлеу шартымен тұқым беруге дайын.

Хабарламаларға жазылу