Атырау облысының Қызылқоға ауданында тасқын бөгеттерді жарып өтіп, үйлерге суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Қызылқоға ауданында тасқын бөгеттерді жарып өтіп, үйлерге суға кетті

02.04.2024

Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқыны бөгеттерді жарып өтіп, бірнеше үй суға кетті. Ахуалды тікелей байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен білейік.

– Нұрсейіт, адамдар аман ба, қауіпсіз жерге көшірілді ме?

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Тасқын су бөгеттерді бұзып кетіп, ырық бермей жатыр. Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану ауылына қауіп төніп тұр. Сол аумақтағы сайда орналасқан 4 тұрғын-үй суға кетіп, 8 адам эвакуацияланды. Қазір 6 техника бөгеттерді нығайтып жатыр, көмекке тағы 2 техника жіберілді. Ойыл округіне қарасты Балабейіт қыстағындағы 3 үй де тасқын астында қалып, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұдан бөлек Жангелдин, Тасшағыл, Қаракөл, Тайсойған ауылдық округтері де су астында қалуы мүмкін. Қазір бірнеше елді-мекендерге қатынас үзілгендіктен құтқарушылар ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықтармен жеткізіп жатыр. 


Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу