Атырау облысының Миялы ауылында көпірді тасқын су шайып кетті
Атырау облысында Ойылдың суы арнасынан асып, дес берер емес. Миялы ауылының маңындағы көпірді тасқын су шайып кетті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт Тілші:
Қызылқоға ауданында судан қауіп сейілді. Дегенмен Ойыл өзені арнасынан әлі тасып жатыр. Тасқын су «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» бағытына қатынайтын жолдағы көпірді шайып кетті. Бұл көпір Миялы мен Жангелдин ауылдары аралығында салынған болатын. Ал жауаптылар бүлінген нысанның барлығы өрдегі су әбден келіп біткен соң жергілікті бюджет есебінен қалпына келтірілетінін айтты. Бұдан бөлек ауылда эвакуациялық пункт болып белгіленген екі мектептің мың жарым оқушысы төтенше жағдай кезінде тоқтаған сабақты жазғы каникул кезінде жалғастыратын болды. Ал Миялы орта мектебі мен Тайсойған ауылындағы мектептің 600 ден астам оқушысы бүгін сабақты онлайн оқып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
13.04.2026, 17:39
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
13.04.2026, 17:38
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
13.04.2026, 17:37
Брюссельде қазақ мәдениеті кеңінен насихатталды
13.04.2026, 17:35
Тарихшы: Дала заңдары жаңғыртылуы қажет
13.04.2026, 17:33
Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады
13.04.2026, 17:30
Жас ғалымдардың еңбектері таныстырылды
13.04.2026, 17:27
eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
13.04.2026, 17:25