Қостанай облысында жағдай әлі күрделі: Бес ауылмен байланыс үзілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жағдай әлі күрделі: Бес ауылмен байланыс үзілген

31.03.2024

Қостанай облысында да жағдай әлі күрделі. Жангелді ауданында бес ауылмен қатынас үзілді. Төрт тәуліктен бері бұл елдімекендерде жарық жоқ. Байланыс та нашар. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібек апат аймағынан телефон арқылы байланысқа қосылды. Дәуренбек, су басқан елдімекендердегі халықтың жағдайы қалай?

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Алдағы күндері Қостанай облысында ауа райы күрт құбылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті жауын-шашынның көп түсуіне байланысты ескерту жариялады. Қазір Қарасу, Әулиекөл, Науырзым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында жағдай күрделі. Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары да қауіп алдында тұр.


Хабарламаларға жазылу