Павлодар облысында қар басқан ауылдар аршылып жатыр

24.02.2017
4 күн ұдайы соққан боран кезінде бірнеше елді мекенде орталықпен байланыс үзілген болатын.

Павлодар облысында қар құрсауында қалған ауылдардың жолдары ашылып жатыр. 4 күн ұдайы соққан боран кезінде бірнеше елді мекенде орталықпен байланыс үзілген болатын.

Тұрғындардың азық-түлік қоры таусылып, төрт түлік жем-шөптен тарыға бастады. Тіпті, есік-терезесі бітеліп, құтқарушылар жеткенше үйлерінен шыға алмай қалғандар да бар.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу