Қостанай облысының Жангелді ауданында жағдай әлі күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Жангелді ауданында жағдай әлі күрделі

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

Қостанай облысының оңтүсітік өңірінде жағдай әлі ккүрделі. Облыс бойынша 15 бағытта жолдарды су басқан. Ал ең шалғайдағы Жангелдин ауданын өзге өңірлермен байланыстыратын жалғыз жол кеше жабылды. Қазір Қостанай блысындағы меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібек тікелей байланыста. 

– Дәуренбек, Арқалық қаласы мен Амангелдідегі жағдай қалай?

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Біз Жангелдин ауданында үш күн болып кеше ғана оралдық. Ол жақта жағдай әлі оңалмай тұр. 7-8 ауылмен жер үсті қатынасы үзілген. Жолдардың басым бөілігі су астында жатыр. Тіпті ауданға баратын жалғыз жол – Арқалық -Торғай бағытын да кеше Жаркөл ауылының тұсынан үш жерден су басып кетті. Біз соңғылардың бір болып өттік. Қазір ол жкерден тек қайықпен ғана өтуге болады деген ақпарат алдық. Жаркөл ауылында суда қалған үйлер көп. Алды құлап жатыр. Әйтеуір адамдар аман. Көлқамыс ауылы тасқын басталғанда суға кетті. Куәгерлердің айтуынша ол жақта мал шығыны өте көп, бірақ нақты саны белгісіз.

– Дәуренбек, Арқалық қаласы мен Амангелдідегі жағдай қалай?

Зардап шеккендерге көмек беріле бастаған

Салыстырмалы түрде Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында жағдай тұрақталып келеді. Амангелді ауданының орталығында әлі біраз үй суда тұр, дегенмен аз да болса құрғай бастаған көшелер бар. Енді ресми деректерге келсек: Тасқыннан зардап шеккен үш өңірде 250-ге жуық адам әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Оның ішінде 174 адамға жалпы сомасы 33 млн теңге төленіпті. Сондай-ақ 314 адамға бюджеттен тыс қорлар есебінен 31,4 млн.теңгеге көмек көрсетілген. Қазіргі таңда шығынды өтеу туралы 43 өтініш қаралып жатыр.


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу