Жеті облыстағы тас жолдардың кейбір бөлігінде қозғалыс шектелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеті облыстағы тас жолдардың кейбір бөлігінде қозғалыс шектелген

29.03.2024

Су тасқыны кезінде жол қозғалысын реттеу мақсатында «ҚазАвтоЖол» мекемесінің жедел желісі 24 сағат жұмыс істеп тұр. Егер сіз автомобиль жүретін тас жолдардың су басып, бүлінгенін көрсеңіз экранда көрсетілген 1403 нөміріне дереу хабарласыңыз. Қазавтожолдың мәліметінше, бүгінге дейін 7 облыста 12 республикалық маңызы бар жолдың 3 шақырымын су басып, кей жерінде қозғалыс шектелген.

Ғалымжан Өтенбаев, ҚР КМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

Аймақтарда жолды нығыздау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысында, Ырғыз өзенінде үлкен су келіп біздің көпірімізді жартылай кіреберіс бөлігі опырылып түскен. Бүгінгі күннің соңына дейін 24:00-ге дейін, қазіргі таңда көлік қозғалысы тоқтатылған уақытша. 24:00-ге дейін көлік қозғалысын ашатын боламыз.

Хабарламаларға жазылу