Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты 6 жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты 6 жол жабылды

03.02.2023

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында қозғалыс шектелді. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, алты бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынған. Жолдардың жабылуына жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуі себеп болып отыр.

Атап айтсақ, Алматы-Қонаев, Алматы-Шелек-Қорғас, Екатеринбург-Алматы, Алматы-Өскемен, Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас бағытында жолдардың облысқа қарасты бөлігінде транспорттың жүруіне шектеу қойылды.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу