Шығыс Қазақстанда көпбалалы 13 отбасына баспана берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда көпбалалы 13 отбасына баспана берілді

20.03.2024

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз қарсаңында Шығыстағы Зайсан ауданына қарасты Қаратал мен Қарабұлақ ауылдарында көпбалалы және әлеуеті әлжауаз 13 отбасына үй берілді. Әрқайсысы 90-100 шаршы метр болатын бұл үйлер бір қабатты шығыс өңірлік бағдарламасымен салынды. Орталық газға қосылып, қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Жалпы Зайсан ауданында аталған бағдарламамен бұған дейін 300-ден астам баспана салынып, негізінен көпбалалы отбасыларға берілген.

Ал биыл тағы 64 үй салынбақ. Бұл баспаналар үй кезегінде тұрған отбасыларға берілмек. Жалпы Зайсан ауданында 1709 көпбалалы ана бар. Қазір 249 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

Аида Жынбаева, көпбалалы ана:

Барлығымыз қуаншытымыз. Үйлерімізде өзімізге ұнап жатыр. Бүгін міне кілтін алдық. Наурыз мейрамында қатарлас келіп жатқанына көп-көп алғысымды айтқым келеді.

Аэлита Ахметсәлімқызы, Зайсан ауданының әкімі:

Биыл Зайсан ауданында 42 үй салынды. Бүгінгі күні міне Қарабұлақ ауылында тұрмыз.7 үй іске қосылды.Көп балалы аналар өз кілттерін алды. Қаратал ауылында 6 үй. Ал енді 24 жылы ауданға 68 үй саламыз .

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу