Қазақстанда баспана кезегінде қанша адам тұр - министр жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда баспана кезегінде қанша адам тұр - министр жауап берді

23.02.2021
Қазақстанда баспана кезегінде қанша адам тұр - министр жауап берді

Елімізде баспана кезегіндегі тұрғындар саны жыл сайын 50 мың адамға артып келеді. Бүгінгі таңда ол 548 мыңға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

«Кезектегі көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі 1 күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, баспанамен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі 1 күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтардың бұл санаты жаңа баспанаға жеңілдетілген заем алу арқылы тұрғын үй сатып ала алады», - деді министр Үкімет отырысында.

2020 жылы елімізде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғын-жай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 2019 жылмен салыстырғанда өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекет қаражатының 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестиция тартылды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік баспана және 10,4 мың жеңілдетілген заем берілді.

үкімет отырысы баспана мәселесі

Хабарламаларға жазылу