Көпбалалы отбасыларға баспана берілді

04.06.2019

Көкшетауда көпбалалы отбасыларға 3 бөлмелі пәтер берілді. Баспана кезегіндегі 80 жанұяға жаңа пәтердің кілттері табысталды. Оның 20-сы – көпбалалы отбасылар, 16-сы жетімдер үйінің түлектері. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Әрқайсысы 40 пәтерлі 2 үй әлеуметтік аз қамтылған азаматтар арасында бөлінді.

Бүгінде Көкшетауда 2 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 400-ге жуығы баспана кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу үшін жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде пәтерлі тағы 6 үй кезекте тұрғындарға үлестірілмек. Жаңа баспаналар «Сарыарқа» ауданында салынған. Бұл жерде соңғы 5 жылда 40-қа жуық жаңа көпқабатты үй бой көтерді. Қазір 17 баспананың құрылысы басталған.  

Айнұр Балтабаева, көпбалалы ана:

Бүгін өте қуаныштымыз. 13 жыл бойы күткен баспанаға бүгін ие болып отырмыз. Арманым орындалды. Қуаныштымыз балалармен бірге. 10 жылдай жалдап тұрдық. Жалдап тұрудыі өзі қиын. 6 баламен ешқандай пәтерге кіргізбейді. Қиналып, солай, міне, баспанаға ие болдық.

Хабарламаларға жазылу