Талдықорғандық студент түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық студент түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды

19.03.2024

Түрлі түсті жүгері көрдіңіз бе? Талдықорғандық студент жүгеріні сұрыптап, бірнеше жылда алуан түсті дәндері бар жүгері түрін нарыққа шығармақ. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқып жатқан жас талант осы білім ордасындағы молекулалық генетика, геномика зертханасында жобасын іске асырып жатыр.

Түрлі түсті жүгері көрдіңіз бе? Талдықорғандық студент жүгеріні сұрыптап, бірнеше жылда алуан түсті дәндері бар жүгері түрін нарыққа шығармақ. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқып жатқан жас талант осы білім ордасындағы молекулалық генетика, геномика зертханасында жобасын іске асыруда.

Жүгері неге тек сары түсті ғана болу керек? Неге дәндері алуан түсті емес деген сұрақ Асқарды бала кезінен мазалап келген. Мектеп қабырғасында биологияға, оның ішінде селекцияға қызыққан оқушы өзі тәжірбие жүргізе бастайды. Түрлі жүгері сорттарын табиғи жолмен будандастырып, алуан түсті жүгеріге қол жеткізеді.

Асқар Рахым, студент:

Қазір негізі бізде қолымызда бар бұл гибридтер. Бұл нақты сұрып емес. Бірақ та біздің мақсат осыдан тәтті жүгеріден жеуге жарамды тәтті болатын, түрлі-түсті болатын, адамға қызық болатын жүгеріні шығару. Оның уражайность дейміз ғой, өндірістік қасиеті жоғары болатындай, адамға пайдалы болатындай нарыққа осындай түрлі-түсті жүгері нарыққа шығатындай.
Бір қызығы Асқар университетте дизайнер мамандығына оқып жатыр. Өйткені сурет салғанды ұнатады. Ал селекцияны хобби ретінде ермек қылып жүр. Десе де студенттің талпынысын зертханада ерекше бағалап, жан-жақты қолдау көрсетуде.

Қанат Ермекбаев - молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі

Жігіттердің бір кереметтігі сол гибридті сорттардан биологиялық білімі болмаса да, селекциялық схеманы сақтай отырып, яғни өзіне керекті фнеотитпі қазіргі күнге дейін, 6 жылға дейін қуып келе жатыр.
Жүгерінің көздің жауын алар түсі бар сұрпын шығару үшін әлі үш жылдай уақыт қажет дейді жас селекционер. Оған дейін бұл жобасымен түрлі ғылыми байқауларға қатысып, бақ сынап көрмек. Мұнан бөлек зерттеуші үйінде тауық өсіріп, түрлі-түсті жұмыртқа шығаруды да қолға алған. Қуаныш Қанатұлы, Самат Оразалинов «Қазақстан» ұлттық арнасы, Жетісу облысы.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу