Қазақстандық студенттер Швецияда «ЭКСПО-2017» көрмесін жарнамалап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық студенттер Швецияда «ЭКСПО-2017» көрмесін жарнамалап жүр

05.06.2017

«ЭКСПО-2017»-нің басталуына санаулы күндер қалды. Осы мәртебелі шараны шетелдіктерге кеңінен таныту үшін Швециядағы қазақстандық студенттер арнайы шара ұйымдастырды. Қазақ жастары Стокгольмнің туристер ең көп шоғырланатын жерлерінде көрме жайлы кеңінен ақпарат таратты. Қала тұрғындары мен қонақтарына «ЭКСПО-2017 Астана» деп жазылған жеңіл жейде, бас киім мен түрлі-түсті қарындаштарды үлестірді. Швециядағы қазақстандық жастардың қауымдастығына бүгінде 30 студент мүше. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу