Ақтөбе облысында құлпынай, жүгері өсіретіндер көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында құлпынай, жүгері өсіретіндер көбейіп келеді

29.08.2020

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының дəстүрлі емес салалары дамып келеді. Мəселен, Мəртөк ауданында 3 жылдан бері құлпынай мен жүгері өсіруге басымдық берілуде. Жас кəсіпкер Рахат Көпжан 2 гектар аумаққа құлпынайдың голландиялық тұқымын өсіріп жатыр. Бір бөлігін жинап, сауда орындарына өткізіп те үлгерген.Шаруашылықта жаңа технология қолданылады. Ал, жүгері Ақтөбеден бөлек, Қостанай,Маңғыстау жəне Атырау облыстарына жіберіледі.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу