Астаналық балалар ұлттық аспаптармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық балалар ұлттық аспаптармен танысты

16.03.2024

Астанада 30- ға жуық мектеп оқушысы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысуға мүмкіндік алды. «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі жас жеткіншектерге арнайы шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай ұйымдастырылған. Дәріс барысында халық шығармалары шырқалды. Оқушылар аспаптарда ойнап, шеберліктерін шыңдады. Осындай игі шаралар жастардың ұлттық аспаптарға қызығушылығын арттырады, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Ерлан Дәкенов, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры:

Мәдениет ұлттың тірегі болмысы жүрегі дейді. Сондықтан да осы кішкентайда қазақтың ұлттық аспаптарын біз кішкентай осы мектеп оқушыларына бірінші рет емес екі жылдан астам мектептермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бізге келіп осы аспаптармен танысып, өздері де ойнап көрсетіп ұлттық аспаптарды осылай насихаттап жатқан ойымыз бар.


Хабарламаларға жазылу