Шетелден келген қазақ балалары Бурабайда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден келген қазақ балалары Бурабайда бас қосты

29.07.2022

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 84 бала табиғаты тамылжыған Бурабай баурайында жазғы лагерьде демалды.

Жеткіншектер садақ ату, атқа міну секілді ұлттық ойындарды меңгерді. Киіз үй тігіп машықтанды. Франция, Түркия, Иран, Қытай елінен тұрып жатқан балғындардың елге келуіне «Отандастар» қоры мұрындық болды. Туған жерге табаны тиген балалар ана тілін санасында жаңғыртып, атажұртының тарихы, мәдениетімен терең танысты. Жазғы демалыс гала-концертпен қорытындыланды.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу