«Еrkeбай» отбасылық комедиясы барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еrkeбай» отбасылық комедиясы барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр

14.03.2024

Бүгін «ЕrkeБАЙ» отбасылық комедиясы еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастады. Кинокартина желісінде бай баласы Ербайдың басынан өткен шытырман оқиғалары баяндалады. Ақшаға қызыққан қарақшылар балаланы ұрлайды. Фильмдегі ең қызықты оқиғалар осы кезден бастау алады.

Кеше елордада «ЕrkeБАЙ» комедиясының жабық көрсетілімі өтті. Бұл фильм жыл басы нурыз мерекесіне орай түсірілген. Елордалық тұрғындар жаңа туындыны ыстық ықыласпен қабыдады. Кинотеатрда ине шаншар орын болмады.

Кинокартинаны түсіруге 120 миллион қаражат кеткен. Фильмде елімізге белгілі актерлар бой көрсетті. Ал күрделі сахналарды қазақстандық «NOMAD» каскедерлер тобы орындаған.

Расул Бауыржан, актер:

Менің өзімнің рөлім маған қиын болған жоқ. Байдың баласы,алақанда аялап өскен үйдің жалғыз баласы сондай ерке бала ғой. Үйден шықпайды,сабаққа бармайды үйге әкеп береді бәрін. Маған қиынға соққан жоқ.

Ал киноның продюсері бұл фильм әр отбасы жыл сайын асыға күтетін туындыға айналады деп отыр.

Жадыра Сқабыл, продюсер:

Себебі біз өзіміздің биылдан бастап өзіміздің жаңа жылды осындай бір жаңа жоба әрқашанда ЕркеБАЙ 1, ЕркеБАЙ 2 шығып тұрса екен деген ниетте біз челлендж дейді ғой сондай өзіміз бастадық. Әр жаңа жылда тек қана осындай жаңа жобалар отбасымен демалыста барып көріп, қызықтап көңіл күйлерін жақсы өткізсе деген ниетте болды.

Режиссер еліміздегі әсем табиғатты көрсету арқылы әр өңірдегі туристік орындарды насихаттауды көздеген. Локация ретінде Алматы облысы таңдалған. Фильм көрермен көңілінен шықса, кинокартинаның жалғасы Қарағанды, Бурабай, Ақтау өңірлерінде түсірілмек.

Хабарламаларға жазылу