«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатыр

23.09.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімі «Міржақып. Оян, қазақ» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатыр. 120 минуттық кинокартинада Алаш қайраткерінің революциядан кейінгі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты күндері көрініс тапқан. Еске салайық, бұған дейін, Ұлттық арнаның бастамасымен Міржақып Дулатов жайлы 6 бөлімдік телесериал түсіріліп, көрермен арасында кеңінен танылған еді.Сериалдан құрастырылған толық метражды фильм де, көпшіліктің көңілінен шығары анық.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу