М.Рожин: Балалар контентін дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Рожин: Балалар контентін дамыту қажет

14.03.2024

Балалар арасында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту керек. Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысында айтылған ұсыныстың бірі осы. Ол үшін балалар контентін дамытып, ұлғайту қажет. Келелі жиында балалар оқулығының жүйесін өзгерту жайы да қаузалды. Ғылым мен мәдениет саласы да назардан тыс қалмады. Рет-ретімен тілші тарқатып айтады.

Осылай деген мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі – Максим Рожин ана тілімізді балалар арасында көбірек насихаттау маңызды. Ол үшін балалар контентін дамыту қажет, - дейді.

Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, amanat фракциясының мүшесі, ұлттық құрылтай мүшесі:

Балалар контентін ұлғайту керек. Осы уақытқа дейін көп жұмыс істелді, бірақ ол жұмысты біз едәуір тездетуіміз керек.

А.Шүкіржанова: оқулық сапасын арттыру керек

Сондай-ақ, жиында балаларға арналған оқулықтар сынға алынды. 51 жыл үзбей ұстаздық еткен Алма Шүкіржанова қазіргі кітаптарда жүйе мен логикалық байланыс жоқ екенін айтты.

Алма Шүкіржанова, ардагер ұзтаз, ұлттық құрылтай мүшесі:

Мектепте жұмыс істейтін, практикалық мұғалімдерді жинап алып, тапсырмаларды солар құруы керек. Теореманың бәрін адамзат ойлап шығарған, енді оны қалай қолдану керек, қалай балаға түсінікті ету керек оны тек қана мектепте жұмыс істеген мұғалім ғана біледі. Сондықтан да, оны практикасы бар мұғалімдер құрастыру керек деп ойлаймын.

Ғылымға көңіл бөлініп келеді

Келелі жиында қаузалған тағы бір өзекті мәселе ғылымның дамуы. Белгілі Қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері – Асқар Жұмәділдаев салаға мемлекет тарапынан қолдау бар екенін айтып, отандық ғалымдарды аянбай еңбектенуге шақырды.

Асқар Жұмаділдаев, Физика-математика ғылымдарының докторы, ұлттық құрылтай мүшесі:

Мысалы ғалымдар қазір не істейді? Өзінің қолынынан келетін жазады. Ал, ол ғылым бұдан 100 жыл бұрынғы ғылым болуы мүмкін. Бір ақсақал қорғайды ебін тауып, бірдеңе қылып.Өзінің асперантына береді. Ол содан ұсақ түйек бірдеңе шығарады. Одан не шығады? Ғылым өзгерді. Қазақ өзгеру керек.

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту маңызды

Ұлттық құрылтай – ұлттық құндылықтар. Осылай деген жиын қатысушылары көне шаһар Сарайшықты қалыпқа келтіруді мәселесін кеңінен талқылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта Сарайшық сынды 12 бірдей аспан асты музейін жаңғырту үшін шетелден ғалымдар тартылмақ.

Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы, ұлттық құрылтай мүшесі:

Ең бірінші тарихымызды қалыпына келтіруде Сарайшықтың орны айтылуы керек. Орны бөлек. Осындай үлкен-үлкен шаруалар кезең-кезеңімен іске асқалы тұр. Біз соған үміттенеміз.

Лудоманиямен күресті күшейту керек

Құрылтайда бас қосқандар қазіргі заманның індетіне айналған лудомания мәселесін айналып өтпеді.

Ислам Байрамуков, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ұлттық құрылтай мүшесі:

Қазір олар спортқа кіріп жатыр. Демеуші болып. Соларды қолдайтын, соларды демеуші ретінде қолданатын, спортты, федерация басқарып жүрген кісілер ойланса екен.

Еске саламыз, бұл мәселе өткен құрылтайда да көтеріліп, артынан еліміз бойынша бірқатар құмархана жабылған еді. Қоғам белсенділері құмар ойындарының тамырына балта шабу керек деп есептейді.

Хабарламаларға жазылу