Геологиялық барлау саласын дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геологиялық барлау саласын дамыту қажет

07.02.2014
Геологиялық барлау саласын дамыту қажет
«Қазақстан геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу керек. Мұнай-газ секторының экспорттық потенциалын сақтай отырып, көмірсутекті алудың және өңдеудің жаңаша тәсілдерін іздеу қажет».
 
Ғалымдар Елбасы Жолдауындағы осы міндеттерді орындауға кірісті. Геолог мамандарды даярлап отырған Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ұжымы бүгін халықаралық геологтармен кездесті.
 
Жастарға алдымен жер қойнауын терең зерттеген аға буынның еңбегін насихаттаудан бастады. Белгілі ғалым, геолог Қаратай Тұрысовты еске алды. Қайраткердің 80 жылдығында қызметінен сыр шертетін деректі фильмді көрді.
 
Содан соң «Білім-ғылым-өндірісті» ұштастыру мәселесіне кірісті. Ол үшін геолог маман тапшылығын жою керек. Екіншіден, жаңа пайдалы кен орындарын табуға кірісу қажет. Ғылым негізінде өндіріске ену индустриалды-инновациялық бағытты ұстанған еліміз үшін мол пайдасын бермек,-дейді геологтар.
 
Жексенбек Әділов, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры:
Қиын мамандық. Екіншіден өндіріс орындары өздеріне мамандар дайындау керек. Келешегін ойлап жастарын оқуға жіберу керек. Ғылым бөлек, білім өз алдына, өндіріс бөлек болса, алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Сондықтан, барлығы бірігуі керек.
 
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің технологиялық ойлауымыздың негізгі тірегі осы университет. Осылардың мамандары, осы жерден оқыған жастар болашақта біздің тұрмысымызға қажетті технологияларды жасау үшін атсалысуы керек. Соған жағдай жасалған. Осы лабараторияларда көптеген тәжірибелер жасалып жатыр. Соның кейбір нәтижелерін біз көре алдық.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу