Қайта өңдеу саласын дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта өңдеу саласын дамыту қажет

23.09.2019

Еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын көбейту қажет.Өйткені, қазір осы саладағы өнімдердің тек 30 пайызы қайта өңделеді.

Алматыда өткен алқалы жиында сенаторлар осыны айтты. Олардың сөзінше, ауыл шаруашылығы дамыған елдерде қайта өңделетін өнімдердің көлемі 90 пайызға дейін жетеді. Сенат депутаттары аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысында ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру мәселелерін талқыға салды. Себебі, бүгінде өндірісте көбінесе шетелдік технологиялар мен әдістер қолданылады. Ал, әр елдің табиғаты әркелкі. Сондықтан өзіміздің ерекшелігімізге сай технология қолданылғаны дұрыс, - дейді депутаттар. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Аграрлық сектор біздің Қазақстанның машина жасау саласындамытуға, яғни өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін сала. Біз де өзімізде ауылшаруашылық техникалар өзімізде шығарылмайды. Ауыл шаруашылық комбаиндарөзісізде шығарылмайды. Біз шет елден аламыз да. 

Бірақ өзімізде мынау топырақты өңдеуге қатысты түрлі ауылшаруашылық техникаларын шығаруға болады.

Аманкелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу