«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылған насихаттық топ Атырау облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылған насихаттық топ Атырау облысына барды

28.07.2017

Топ мүшелері ақын Рафаэль Ниязбеков пен жазушы Жұмабай Шаштайұлы бағдарламаны насихаттау мақсатында бірқатар кездесулер ұйымдастырды. Аймақтың зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамы, мәдениет және білім саласының қызметкерлері Елбасы мақаласын ортаға салды. Жалпы, мұнайлы өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Арнайы жұмысшы топ құрылып, бағдарлама аясында Сарапшылар кеңесінің де құрамы жасақталып бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен қызметті үйлестіру үшін Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі де құрылды.  

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу