Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романы таныстырылды

16.10.2020

Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романы таныстырылды. Аталған шығарма 1984 жылы жазылған. Алайда сол тұста Кеңес үкіметінің қатаң сынына ұшырағандықтан, араға 36 жыл салып қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай қайта жарыққа шықты. Қиын-қыстау замандағы мал шаруашылығының қиыншылығы ашық жазылған романның мазмұны жоғалмай, бірқатар өзгеріс енгізілген. 1000 данамен шыққан роман жуырда кітапханалар мен кітап дүкендеріне таратылмақ. Ал шараға жиналғандар Жұмабай Шаштайұлының өмірде де, әдебиетте де шынайы көзқарасты ұстанатын қаламгер екендігін атап өтті.

Смағұл Елубай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 
-Жұмабай Шаштайұлы 70-ші жылдары әдебиетімізге келген. Шығармаларының басты бір қасиеті халықтық сипатқа ие екендігі. Оқырмандарын аталмыш шығармаларын оқуға шақырамыз.
Жұмабай Шаштайұлы «Қызыл қар» романы

Хабарламаларға жазылу