Елде футбол стадионы жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде футбол стадионы жетіспейді

11.03.2024

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында биыл 13 команда өнер көрсетіп жатыр. Бірақ, соның бірнешеуі өзгенің алаңын жалдауға мәжбүр. Олардың арасында елордалық «Астана» клубы да бар. Себеп, ауа райы мен стадионның жетіспеуі. Соңғы 30 жылда елімізде еуростандартқа сай небары екі-ақ статион салынған. Екеуі де қазір жабық. Оған себеп не? Енді ғана еңсесін көтеріп, дамып келе жатқан аяқ доп спортың қазіргі жай-күйі қандай? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес зерттеп көрді.

Астаналық дерби Алматыда. Футбол жанкүйерлері елордалық «Астана» мен «Жеңіс» клубтарының матчын осылай мысқылдады. Өйткені қаржылық жағдайы жақсы екі команда премьер-лиганың алғашқы турын Алматыдағы алақандай «Хан тәңір» алаңында өткізді. Себебі екеуінің де әзірге өз стадионы жоқ.

Ерден Жалғасов, «Астана» футбол клубы баспасөз қызметінің өкілі:

Қазіргі уақытта «Астана арена» стадионы жаңарту жұмыстарына жабылған. Сол себепті Астана футбол клубының негізгі құрамы Алматы қаласы «Хан тәңірі стадионында ойнайтын болады. «Астана арена» стадионының жөндеу жұмыстары биыл күзге қарай аяқталып, келесі жылы Астана футбол клубы «Астана аренаға» оралады деген ойымыз бар.

Елімізде соңғы 30 жылда еуростандартқа сай екі-ақ стадион салынған. Қазір екеуі де жабық. «Астана Аренаның» жайы белгілі, ал екіншісі яғни, 40 млн еуроға салынған «Түркістан арена» ашылмай жатып қайта жөндеу жұмыстарына жабылды. Ол биыл шілде айында қолданысқа беріледі. Айта кетейік, «Елімай» және «Ақсу» командалары да өзгенің алаңын жалдауға мәжбүр. ГРАФИКА: Өйткені стадион жетіспеушіліген бөлек, солтүстіктің 8 аймағында -15, 20 градуста ашық стадионда футбол ойнауға тыйым салынған. Сондықтан бұл өңірлерге жабық манеждер қажет.

Ермұхаммед Мәулен, спорт комментаторы, ҚФФ президентінің кеңесшісі:

Қысқы спорт түрлеріне бүкіл жағдай жасалған. Елімізде кез келген қалада мұз айдыны бар. Кез келген қалада биатлон, шаңғымен айналысатын жерлер көп. Елімізде 6 адам трамплинмен айналысады оларға 3 трамплин салынған деген секілді. Ал, бұқара халық айналысатын футбол. Қазақстанда 1 млн 200 мың футболмен айналысады. Сондықтан елген ірі стадиондар керек.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Өкінішке қарай, еліміздегі бірде-бір футбол командасы өз қаражатына стадион сала алмайды. Өйткені, тасбыс көзі жоқ. Ал, қажетті қаражатты өңірлердің бюджетінен алады. Мысалы, жыл сайын әр командаға 1 млрд теңгеден астам ақша бөлінеді. Бірақ, бұл бағытта кемшілік көп, - дейді сарапшылар.

Ербол Қайыров, спорт журналисі, сарапшы:

Облыс әкімдері немесе қала әкімдері уақытында қаражат бермейді және клубтардың басшылары осы ақшаны басқа мақсатқа жұмсайды. Сондықтан футболшылар, бапкерлер уақытында өз ақшаларын алмайды. Олар халықаралық футбол федерерациясына хат жазады. ФИФА бұл клубтарға транфеслік бан қояды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Яғни, футбол клубтары уақытша футболшы сату мен сатып алу құқығынан айырылады. Айта кету керек, жыл сайын Қазақстанда бірнеше клуб осындай шектеулерге ілігіп жатады. Осыны болдырмау үшін қазір, Еуропада оқып жатқан маркетинг, менеджмент және спорт директоры сынды 30-ға жуық маман футбол клубтарына жұмысқа алынбақ. Ал, сатадиондар мәселесіне оралсақ, қазір Қызылорда қаласында 10 мың адамдық, Шымкентте 35 мың адамға шақталған стадион салынып жатыр. Оған қоса, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда да жаңартылу үстінде. Бұл футбол алаңдары алдағы 2-3 жылда қолданысқа беріледі деп жоспарланған


Хабарламаларға жазылу