«Гамбург» жанкүйері өз клубының трансферлік шығындарына 25 миллион еуро бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гамбург» жанкүйері өз клубының трансферлік шығындарына 25 миллион еуро бөлді

05.08.2014
«Гамбург»  жанкүйері өз клубының трансферлік шығындарына 25 миллион еуро бөлді

«Гамбург» жанкүйері, кәсіпкер Клаус-Михель Кюне деген азамат өзінің клубының трансферлік нарықтағы шығындары үшін өз қалтасынан 25 миллион еуро қаржылай көмек көрсетті.

Кюне бұл  қаражаттың жазғы трансфер кезінде «Гамбург» клубының сапын мықты ойыншылармен толықтырып, жаңа маусымда жақсы жетістіктерге жетеді деп үміттенетінін айтты.  Естеріңізде болса, «Гамбург» былтырғы маусымды  16 орында аяқтап, бундеслигада ойнау құқығын беретін кездесуде жеңіске жетіп, Германия біріншілігіне қайта оралды.

 

«Гамбург» футбол клубының тарихы 1887 жылдың 29 қыркүйегінен бастау алады. Германия біріншілігінде 7 рет ел чемпионы атанған.  Германия Кубогының 3 дүркін жеңімпазы.

Еуропа чемпиондары кубогын 1983 жылы жеңіп алған. УЕФА кубогының 1977 жылғы иегері. Стадионы - «Имтех Арена» 57 274 көрерменді сыйдыра алады.

Фото: hsv.de

Хабарламаларға жазылу