Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ең ірі спорт нысаны қайта жаңғыртылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ең ірі спорт нысаны қайта жаңғыртылды

14.07.2022

Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ең ірі спорт нысаны қайта жаңғыртылды. «Урожай» стадионы 40 жыл жөндеу көрмеген. Апатты жағдайда қаңырап бос тұрған болатын. Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев өңірлерді аралау барысында спорт кешенінің әлеуетімен танысты. Инфрақұрылымы жаңартылып, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары салынып жатыр. Депутат спорт нысанының құрылысы сапалы әрі стандарттарға сай болуын бақылаймыз, деді. Жалпы, Асқарбек Үйсімбаев облыстың 6 ауданын аралады. Ақмолалықтарды ауыз су мен жайылымдық және шабындық жер мәселелері толғандырады.  

Хабарламаларға жазылу