Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына 1 жыл қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына 1 жыл қалды

08.08.2015
Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына 1 жыл қалды

Бұл Ойындарға 205 Олимпиадалық комитеттің ұсынысымен  келген 11 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 19 күн ішінде 33 аренада бақ сынасады. Жарыстар қаланың төрт ауданында орналасқан «кластерінде» өтеді.   

Сайыстарды 3200 төреші мен олардың көмекшілері бақылайды. Атлеттер спорттың 42 түрінен 306 жүлдені сарапқа салады. Рио Ойындарының бағдарламасына гольф пен рэгби қосылды. Сонымен қатар, қыркүйек айында спорттың 23 түрінен 4350 атлет қатысатын Паралимпиада өтеді.

Олимпиадалық нысандарға тоқталсақ, «Маракана» кластері мен Олимпиада ойындарының алауы әкелінетін футбол стадионы дайын деуге болады. Копакабанадағы уақытша жағажай Ойындар алдында ашылмақ.   

Ал, ең ірі кластер әрі басты олимпиадалық нысан «Барра» Олимпиадалық саябағы 86 пайызға әзір.

Хабарламаларға жазылу