Қарағандыда «Шахтер» футбол клубының жаңа стадионы салынады
«ҚР Премьер-Министрі өңірге жасаған соңғы сапарында облыс әкіміне және Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасына Қарағандыда жаңа стадионның құрылысын бастау бойынша ұсынысты енгізуді тапсырды.
Қазір бұл іспен тиісті мекемелер айналысып жатыр. Жаңа кешен шамамен 12-15 мың адамдық болады, деп жоспарлануда. Біздің команда Еуропаға көп сапар жасады және ондағы жергілікті клубтардың барлығында кішігірім стадион бар. Меніңше, осындай стадион бізге жеткілікті.
Құрылыс қашан аяқталатыны жөнінде айта алмаймын, бұл менің құзырымда емес, онымен қазір облыс басшылығы айналысуда. «Шахтер» жуырда жаңа стадионда ойнайды деп сенемін», - деді Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде
14.04.2026, 13:21
Түркістан облысында павлония өсіру үрдіске айналып келеді
14.04.2026, 13:18
«Aral Geopark» жобасы UNESCO тізіміне енгізілмек
14.04.2026, 13:15
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
14.04.2026, 13:12
Тегеран мен Вашингтон келіссөздің екінші раундын өткізу жағын қарастырып жатыр
14.04.2026, 13:09
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
14.04.2026, 13:06
ІІМ: Алаяқтар банк чаттарының көшірмесін жасап жатыр
14.04.2026, 13:03
Павлодарда топырақ астында қалып қойған жұмысшылардың жағдайы жақсарып келеді
14.04.2026, 13:00