Алматыда жер сілкінісінен 156 нысан бүлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер сілкінісінен 156 нысан бүлінген

05.03.2024

Алматыда жер сілкінісінен 156 нысан бүлінген. Зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Ибрагимов айтты. Оның сөзінше, жеке тұлғаларға мемлекет жәрдемдеседі. Ал заңды тұлғаларға қала әкімдігі немесе үкімет көмек көрсетеді. Қазір шаһар бойынша зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны анықталып, тізім жасалып жатыр. Осыдан кейін келтірілген залалды кім өтейтіні белгілі болмақ.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу