Алматыда зардап шеккен нысандарды тексеру жұмыстары осы аптада аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зардап шеккен нысандарды тексеру жұмыстары осы аптада аяқталады

18.01.2022

Алматыда тәртіпсіздік кезінде 1600-ге жуық кәсіпкерлік нысан зардап шекті. Қалалық кәсіпкерлік палатасының хабарлауынша, келтірілген шығын көлемінің жалпы сомасы 94,5 млрд теңгеден асты. Ал ірі кәсіпкерлік секторда 68 кәсіпорын зардап шекті. Соның ішінде 36 компанияның жарияланған сомасы 13 млрд теңге болса, 32 нысан шығынын әлі есептеп жатыр.

Сондай-ақ, мегаполисте орта бизнестен 80 сауда нүктесі бүлінген. 44 кәсіпкер 11 млрд теңге шығынға баттық десе, 36-сына келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Ал, шағын кәсіпкерлік саласындағы 1455 кәсіпорынның 1000-ға жуығына келтірілген шығын 76 млрд теңгеден асса, 500-інікі есептеліп жатыр. Палатаның мәліметінше, бүгінде жедел тергеу топтары шағын және орта бизнес субъектілерінен 1154 нысанды тексерген. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен нысандарды тексеру осы аптада аяқталады деп жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу