Наурыздың 10-нан бастап барлық өңірде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыздың 10-нан бастап барлық өңірде күн суытады

04.03.2024
Еліміздің 10 өңірінде су басу қаупі бар. «Қазгидромет» осындай болжам жасады. Тау суының ағыны есебінен – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары қауіп алдында тұр. Ал қары мол – Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерін қарғын су басып кетуі мүмкін. Бүгінде ел аумағының 72 пайызында қар жатыр. Сондай-ақ синоптиктер наурыздың соңына дейін барлық өңірде қыстың ызғары сақталады деп отыр.

Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы:

Әлі де қыс мезгілі болады наурызда да. Өйткені солтүстік өңірлерде наурыз әлі қыстың жалғасы болып табылады. Әлі де қар жауап, бұрқасын соғады. Тұман, көктағақ деген құбылыстар әлі де болжанады. Ал оңтүстік өңірлерде көбінесе жауын-шашын түрінде болады. Температуралық фон сол айтқандағыдай 10-15 градусқа дейін жоғарылау күтіледі.

Хабарламаларға жазылу