Ертеңнен бастап елімізде күн күрт суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап елімізде күн күрт суытады

24.11.2021

Ертеңнен бастап елімізде күн күрт суытады. Оңтүстік өңірлердің өзінде жақын күндері ауа температурасы түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Ал бүгін кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, көшелер көктайғаққа айналды. Семейде жол апаттары жиілеген. Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады. Балалардың қауіпсіздігі маңызды, сондықтан бүгін 9-шы сыныпқа дейінгі оқушылар үшін бірінші және екінші ауысымда сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көктайғақтан зардап шеккендер көбейген. Бір тәулікте түрлі жарақат алып, мертігіп қалған 30-дан астам тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Балқашқа барар автобанның Ақсу-Аюлы-Ақшатау елдімекендері аралығында асфальтқа мұз қатты. Тіпті жүк көліктерінің бірі аударылып қалған. Кешегі күні қар ерісе, бүгін ауа температурасының төмендеуі мен бұрқасын салдарынан жолдар көктайғаққа айналды. Облыстың кей аумақтарында 23-28 м/с дейін жел соғып тұр. Синоптиктер ертең де осындай ауа райы болатынын хабарлады. Әзірге жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ. 

 Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу