Бірнеше өңірде күн суытады: ІІМ ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде күн суытады: ІІМ ескерту жасады

21.12.2020

Бірнеше аймақтың тұрғындары ұзақ сапарға шықпағаны дұрыс. Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты осылай деп ескерту жасады. Атап айтқанда, алдағы күндері Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында термометр бағаны 20 градустан төмендейді.

Сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қалың қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Осы өңірлерге қарасты жолдарда полиция экипаждарының патрульдеуі күшейтіледі. Мамандар жүргізушілердің аса сақ болып, автокөлікті қысқы кезеңге дайындауы тиіс екенін ескертеді.  

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу