Барлық өңірлерде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барлық өңірлерде күн суытады

15.04.2019

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады деп болжанып отыр.  «Қазгидромет» мамандары осындай мәлімет таратты. Қарлы жаңбыр, тұман, көктайғақпен қоса ауа температурасы түнде -2-10 градусқа дейін төмендейді.

Бүгіннің өзінде Ақмола облысының кей жерлеріне қалың қар жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Еліміздің оңтүстігінде де қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Синоптиктердің мәліметінше, бұл жылдағы орташа температурадын 2-6 градусқа төмен.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу