«Отау» бағдарламасына құжат қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отау» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

01.03.2024

Бүгін «Отау» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама аясында 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Алғашқы жарна баспана құнының 20 пайызынан кем болмауы тиіс. Жаңа ипотекалық бағдарламы жайлы тілшіміз тарқатып айтады.

Жалғызбасты ана Айнұр Бердиева «Отбасы банкте» шот ашып, оны 2 жылдан бері үздіксіз толтырып келген. Бүгін «Отау» бағдарламасына өтінім қалдыру үшін банк ғимаратына ерте келген.

Айнұр Бердиева, қала тұрғыны:

Келгеніме 2 сағат болды. Сағат 3-те басталады деген. Соны күтіп отырмын.

Банк мамандары құжаттарды тапсыру үшін банкке келіп, әуре болмай, егов порталында тапсыруға болады деді. Сонымен қатар халық «Отау» бағдарламасы шатастырмаса екен дейді.

Мархабат Сынасапова, «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалы бизнесті дамыту басқармасының маманы:

Отау 9-20 деп аталады. Негізгі атауы Отау. Бағдарламаның шарттары 9-20. Яғни, 20 пайыз алғашқы жарна, 9 пайыз несие, 19 жылға дейін. Ал «9-20-25 деген бағдарлама Отбасы банкінде ондай бағдарлама жоқ. 9-20 ол Отау бағдарламасы ресми түрде жарияланған. «9-20-25» болса, ол 25 жылға дейін болар еді ғой.

Жалпы Астана, Шымкент пен Алматыда үміткерлер құны 30 млн-ға дейінгі алғашқы нарықтағы тұрғын үйден баспана ала алады. Ал, қалған өңірлерде 18 млн теңгеге, кез-келген пәтерді қарастыра береді. Алайда, қатысушы жылжымайтын мүлікті «Баспана маркет» порталынан ғана алуы шарт. Құжат қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.

18 бен 63 аралығындағылар бағдарламадан үмітті. Дегенмен бірқатар талаптары бар. Отбасы банктен депозит ашып, 18 айдан бері ашқа салып келгендер. Өтінім берген сәтте депозитінде кем дегенде 1 млн теңгесі болу шарт. Үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы бес жылда баспана болмауға тиіс. Пәтер алатын қалада тұрақты тіркеуі болуы маңызды.

Ең көп ұпай жинап, іріктеуден өткен үміткер табыс көзі туралы құжат тапсырады. Егер жалақы мөлшері жетпесе, кепіл ретінде екінші адам арқылы несиені рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Дегенмен бұл баспанаға деген сұрнасытың артыуы себеп болмай ма? Сұраныс артқан жерде бағасын өсетіні тағы бар.

Жәрдем Ақбисенов, Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:

Үйдің бағасының көтерілуі күтіліп отыр. Жыл сайын осы сәуір айынан бастап, маусым айына дейінгі аралықта біздің мына тұрғын үй нарығында баға тұрақталады. Бұл енді бағаны тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп отырған бір жақсы игі бастама.

Бұл тұрғын үй жобасы 7 жылға жоспарланған. Осы кезеңде 50 мың азамат тұрғын үймен қамтылмақ.


Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу