Атырауда жас отбасыларға 100 пәтер пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жас отбасыларға 100 пәтер пайдалануға беріледі

06.12.2018

Атырауда «Жас Отау» бағдарламасы негізінде жыл соңына дейін 100 пәтер пайдалануға берілмек. Бұл бағдарламаға үйсіз жүрген жас отбасылар қатыса алады. Бүгінде үй құрылысы аяқталуға жақын. Осыған орай, құжат қабылдау жұмыстары басталды. Үй алуға мүдделі азамат алғашқы жарна ретінде баспана құнының 20 пайызын төлеуі тиіс.

Ал, былтыр аймақта, «Жас Отаудың» арқасында 120 жанұя баспаналы болды.

Гүлдана Саримова, қала тұрғыны:

- «Жас Отау» арқылы үй алып, олжалы болдық. Үш баламыз бар. Үй жақсы, жылы. Бағдарламаға құжат тапсырып, үй алуларыңызға тілектеспін.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу