«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініштер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініштер қабылдау басталды

30.07.2019

Павлодарлық тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспана алуға өтініш бере бастады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған жобаны жергілікті әкімдік пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бірлесіп жүзеге асырады. Аймақ тұрғындарына 10 миллион теңгеге дейін баспана алуға мүмкіндік беріледі. Өсімі 2 пайыздық несиені 19 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Биыл өңір тұрғындарына шамамен 340 квота бөлу қарастырылған. Оны алуға үміткерлердің 4 немесе одан да көп балалары болуы шарт. Одан бөлек баласы бар жалғызбасты аналар, мүгедек бала асырап отырған азаматтар қатысады. Олардың бәрі тұрғылықты жері бойынша баспана алу кезегінде тұрғаны болуы керек. Сатып алынатын үй банк талабына сай таңдалады.

 

Сәуле Қабылбекова, «Бақытты отбасы» бағдарламасы операторының басқарма басшысы:

Осы біздің банктің ішкі шарты бойынша ол аса ескі болмауы керек. 50 жылдан аспауы керек. Құжаттары бәрі дұрыс болуы керек. Сондай үйді таңдап алып, рәсімдеп, әрине, біреуі болсын, екеуі болсын жұмыс жасауы керек. Егерде ең төменгі жалақысы болатын болса, онда осы бағдарлама бойынша өтеді. Өйткені қолжетімді, төлемі өте төмен.

 

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу