«Брат или брак 3» фильмінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Брат или брак 3» фильмінің премьерасы өтті

28.02.2024

«Брат или Брак 3». Құралай Анарбекованың кезекті туындысының «Kinopark Esentai»-да тұсаукесері өтті. Фильм 1 наурыздан бастап көрерменге жол тартады. Комедиядағы басты кейіпкерлер Айдар мен Гауһарды Дәурен Серғазин мен Құралай Анарбекова сомдайды.

Бұл бөлімде Айдардың Гауһарға деген күдігі сейілмейді. Керісінше, отбасылық қарым-қатынасты шиеленістіреді. Ол өзінің егіздердің әкесі екеніне күмәнданады.

Фильм барысында Айдардың егізі пайда болады. Дәурен осыған дейінгі бөлімдерде ынжық жігіттің рөлінде болса, оның егізі- ашушаң жігіт. Кинода бір-біріне қарама-қайшы образды Дәурен Серғазин сомдап шығады.

Дәурен Серғазин, актер:

Сценарий біріншісіне ұқсамады, көп киноларда ұқсап кетеді ғой ұната бермеймін де. Менің образым басқа жағдайларға түседі, ерекшелік сонда актерлік шеберлікті басқа жағынан көрсетуге болатынын білгеннен кейін мен келістім.

Құралай Анарбекова, продюсер:

Актерларды бір айдың ішінде жинауға тура келді. Съемкамыз бір айдай болды, бірақ пост продакшн мен дайындығымыз ұзақ болды. 3 бөлім болғаннан кейін сапалы болуы керек. Тезірек шығарып, көрерменді алдай алмайсың. Мен енді асықпай шығаруға тырыстым.

Фильмге Анвар Матжанов режиссерлік етсе, ал саундтректі Қайрат Нұртас орындайды. Комедияның жаңа актерлік құрамы ННН, Есентай, Арнат Утепберген секілді танымал блогерлермен толыққан.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу